Accessibility links

Тегеранда BBC-дің бұрынғы журналисі ұсталды


Иран полицейлері (Көрнекі сурет).
Иран полицейлері (Көрнекі сурет).

Тегеранда журналист әрі аудармашы, Иран мен Ұлыбритания азаматтығын қатар алған Бахман Даролшафаи ұсталды. Иран билігі әзірге журналистің не үшін ұсталғанын хабарламады.

Оппозициялық Kalame сайтының хабарлауынша, BBC-дің бұрынғы журналисі Даролшафаиды 3 ақпанда Тегеранда өз үйінде қауіпсіздік күштері ұстап әкеткенін айтады. Журналистің қайда қамауда отырғаны белгісіз. Дереккөздері Азаттықтың Парсы редакциясына Даролшафаидың соңғы айларда бірнеше рет тергеуге алынғанын айтады. Тағы бір дереккөзі таяуда журналистің электрондық почтасына хакерлік шабуыл жасалғанын айтады.

Даролшафаи бұрын Лондонда тұрып, екі жыл бұрын Тегеранға оралған.

Бұған дейін Ирандағы үкіметшіл күштер журналистер мен саяси белсенділердің электрондық почталары мен әлеуметтік желідегі парақшаларын бұзып, ол жерлерден алынған ақпараттарды тергеуде пайдаланады деп айыпталған.

Даролшафаи BBC-дің парсы қызметінде бес жыл жұмыс істеген. Иран билігі бұған дейін BBC-ді "Иран туралы жалған ақпарат таратады" деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG