Accessibility links

Польша Ресейдегі ұшағы апатын жеке тексермек


Польша қорғаныс министрі Антони Мацеревич.
Польша қорғаныс министрі Антони Мацеревич.

Польша үкіметі 2010 жылы сәуірде Ресейде Польша президенті мен үкімет мүшелері отырған ұшақ апатына жеке тергеу бастағанын мәлімдеді.

Жаңа тексеру басталатынын мәлімдеген Польша қорғаныс министрі Антони Мацеревич бұған дейінгі тергеуде "қателіктер" мен заң бұзушылықтар" көп болғанын айтты. Оның сөзінше, жаңа тергеу комиссиясының құрамында инженерлер мен басқа да техникалық сарапшылар, барлығы 21 адам болады. Комиссия құрамына шетелдік төрт сарапшы да қосылған.

2010 жылы сәуірде Смоленск қаласының түбіне құлаған ұшақта 96 адам, оның ішінде Польша президенті Лех Качинский мен үкіметтің бірнеше жоғары шенді өкілдері қаза тапқан. Бұған дейін Ресей мен Польша бірге жүргізген тергеу ұшақ ұшқыштың қателігі мен ауа-райының қолайсыздығынан апатқа ұшырады деген қорытынды жасаған.

Бірақ Лех Качинскийдің бауыры, басқарушы "Заң және әділет партиясын" басқаратын Ярослав Качинский ұшаққа қастандық жасалған және оған Ресей президенті Владимир Путиннің қатысы бар деген болжам айтқан.

Ұшақ апаты құрбандарының арасында Польшаның саяси және әскери элитасының өкілдері - президент пен оның әйелі, орталық банк басшысы, әскери басшылар мен басқа да лауазымды тұлғалар болған.

XS
SM
MD
LG