Accessibility links

"Бірлік" партиясы сайлауға 8 кандидат ұсынды


"Бірлік" саяси партиясының кезектен тыс 2-құрылтайы. Астана, 5 қпан 2016 жыл.
"Бірлік" саяси партиясының кезектен тыс 2-құрылтайы. Астана, 5 қпан 2016 жыл.

"Бірлік" саяси партиясы бүгін Астанада кезектен тыс 2-құрылтайын өткізіп, парламент мәжілісінің ерте сайлауына сегіз кандидат ұсынды.

Партия төрағасы Серік Сұлтанғали құрылтайда баяндама жасап, партия "алмағайып заманда жағдайды пайдаланып сын айтып, жамандап қалуға тырыспайтынын", "билікпен конструктивті түрде жұмыс істейтінін" айтты.

Депутаттыққа үміткер ретінде ұсынылғандар арасында Серік Сұлтанғалидың өзі, екі орынбасары, партияның Ақмола, Жамыл және Қызылорда облыстық филиалдарының жетекшілері бар.

Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауы наурыздың 20-сына белгіленген. Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

Бұған дейін "Нұр Отан", "Ақ жол", "Ауыл" партиялары, Қазақстан коммунистік-халықтық партиясы мәжіліс депутаттығына үміткерлерінің тізімін жариялаған.

XS
SM
MD
LG