Accessibility links

Эр-Рияд Сирияға ИМ-ге қарсы әскер жіберуге дайын


АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.
АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картердің мәлімдеуінше, Сауд Арабиясы үкіметі Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен күресте бұрынғыдан белсенді рөл атқаруға дайын екенін білдірді.

Пентагон басшысы бұл жайында Associated Press агенттігі Сауд Арабиясы қарулы күштерінің бригада генералы Ахмед Асириге сілтеме жасап Эр-Рияд егер АҚШ бастаған коалиция келіссе Сирияға құрлықтағы әскер жібере алатынын хабарлағаннан соң мәлімдеді.

Асиридің сөзінше, Эр-Риядтың ұсынысы осы айдың соңында Брюссельдегі кездесуде талқыланбақ. Ол Сауд Арабиясы нақты қанша әскер жіберуге дайын екенін айтпады. Картер Эр-Риядтың бұл ұсынысы Бельгиядағы кездесудің күн тәртібінде тұрғанын растады.

3 ақпанда Женевада Сирия қақтығысын реттеу жөніндегі бейбіт келіссөзде үзіліс жарияланған.

XS
SM
MD
LG