АҚШ конгресінің Республикашыл партиядан сайланған үш өкілі Иранға виза беруді сұрады. Бұған дейін Иран атына сын айтқан үш конгресмен Майк Помпео, Ли Зелдин мен Фрэнк Лобиондо Тегеранға парламент сайлауы барысын бақылауға, ядролық нысандарды тексеруге және Ислам революциясы сақшылары кеңесімен кездесу үшін барады.
Иран билігін "фанат" және "моральден жұрдай" деп атаған конгресмендер виза беру өтінішін Пәкістанның Вашингтондағы елшілігі жанындағы Иран мүдделері жөніндегі секциясына тапсырды. Өтініш берген конгресмендер Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменейге және Ислам рефолюциясы сақшылары кеңесінің басшысы Мохаммад Әли Жафариге 26 ақпанда өтетін парламент сайлауында "Иран демократиясының қалай жұмыс істеп тұрғанын көргісі келетінін" айтты.
Ирандағы сайлауға қатысты дау Иран президенті Хассан Роухани елдегі консервативтік билік өкілдері мыңдаған реформатор кандидаттарды сайлауға түсуден бас тартқызуға тырысқанда туындаған.
Конгресмендер бұған қоса Парчин, Фордо және Арактағы стратегиялық ядролық нысандарын "тексермек" ниетте екенін де айтады. Олар сақшылар кеңесінің өкілдерімен АҚШ-тың он теңіз әскерінің ұсталуына байланысты брифинг өткізуді де сұраған. Республикашыл конгресмендер Иранда түрмеде отырған АҚШ азаматтарымен жеке-жеке кездесу жоспары барын да айтады.
1979 жылы ислам революциясы болғанан бері Иранға АҚШ-тың бір де бір конгресмені бармаған.