Accessibility links

Испания: Еуропада алғашқы адам Зика вирусын жұқтырған


Зика вирусын тарататын маса (Көрнекі сурет).
Зика вирусын тарататын маса (Көрнекі сурет).

Испанияда Еуропада алғашқы адамға Зика вирусын жұқтырды деген диагноз қойылды.

Испания денсаулық министрлігінің хабарлауынша, аяғы ауыр әйел таяуда Колумбиядан оралған. Болжам бойынша ол вирусты сол елде жұқтырған. Маса арқылы таралатын вирус жаңа туған балалардың басы мен миы көлемінің кішірейіп, неврологиялық ауруларға шалдығуына әкеп соқтырады.

Вирус Оңтүстік және оРталық Американың 26 елінде таралған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, аталған аймақта төрт миллионға дейінгі адам вирус жұқтыруы мүмкін.

Бразилия ғалымдары кеше вирус қан құю арқылы да жұғатынын хабарлаған. Мұның алдында вирустың жыныстық жолмен жұғатыны расталған.

Зика вирусына қарсы әзірге емдеу жолдары мен вакцина әлі табыла қойған жоқ. Бразиялиялық мамандар биылғы жылдың соңына дейін вирусқа қарсы вакцина жасап шығаруды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG