Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6 ақпанда Астанаға ресми сапармен келетін Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглумен кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты дамыту жайын талқылайды деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.
Ресми мәлімет бойынша, кездесуде Назарбаев пен Давутоглу сауда, экономика, транзит-көлік және энергетика салаларындағы қатынасты, халықаралық кейбір өзекті мәселелерді талқылайды.
Бұған дейін Қазақстан үкіметі премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанға сапармен келетін Ахмет Давутоглумен кездесетінін хабарлаған.