Accessibility links

БҰҰ: Ассанж қамаудан босатылуы тиіс


Джулиан Ассанж Францияның TF1 телеарнасынан сөйлеп тұр. Лондон, 24 маусым 2015 жыл.
Джулиан Ассанж Францияның TF1 телеарнасынан сөйлеп тұр. Лондон, 24 маусым 2015 жыл.

БҰҰ -ның заңсыз бас бостандығынан айыру жөніндегі тәуелсіз сарапшылары Wikileaks-тің негізін салған Джулиан Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінде "ерікті түрде" қамауда отыр және ол босатылып, өтемақы төленуі тиіс деп мәлімдеді.

"БҰҰ сарапшылары Джулиан Ассанждың "ерікті түрде қамауда қалуы" бас бостандығынан айыру формаларының бірі деп санайды" деді 5 ақпанда сарапшылар тобының басшысы Сон Фил Хонг.

Ассанжды "жыныстық қылмысқа" қатысты экстрадициялауды талап ететін Ұлыбритания мен Швеция БҰҰ шешімін қабылдамай тастады.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі БҰҰ шешімі "ешнәрсені өзгертпейтінін" айтып, "ұйым сарапшылар тобының шешіміне шағымданатынын мәлімдеді. Ассанж Лондондағы елшілікте 2012 жылдың шілдесінен бері қамауда отыр.

Ұлыбритания үкіметі Ассанжды Швецияға экстрадициялауға заң бойынша міндетті екенін, Ассанж елшіліктен шықпау арқылы өзін заңды түрде ұстауға ерікті түрде кедергі жасап отырғанын айтады.

Швеция прокуратурасы 2010 жылы Ассанждың үстінен «жыныстық қылмысқа» қатысты іс қозғаған. 2012 жылдан бері Лондондағы Эквадор елшілігін паналап отырған Ассанж, егер Швеция үкіметі өзін қолға түсірсе АҚШ-қа экстрадициялайды деп қауіптенеді. АҚШ билігі Джулиан Ассанж НАТО-ның Ауғанстандағы және одақтастардың Ирактағы әскери операциялары туралы құпия құжаттарды жариялап, ауыр қылмыс жасаған деп санайды.

БҰҰ сарапшылар тобы шешімінің Ұлыбританияда заңдық күші жоқ.

XS
SM
MD
LG