Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласында ресейлік ұшақтардың әуе соққысынан кемінде 150 бейбіт тұрғын қаза тапқан, олардың арасында сириялық Қызыл Жарты Ай қызметкерлері бар деп деп мәлімдеді жұма күні БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Саманта Пауэр.
Сол күні брифингте АҚШ мемлекеттік госдепартаментінің баспасөз хатшысы Сирияның үкімет күштері мен олардың одақтастары ресейлік әскери ұшақтардың қарқынды көмегі арқасында Алеппоның оппозиция бақылайтын бөлігін қоршауға алып, қалаға гуманитарлық жәрдем баратын жолды қиып тастағаны туралы хабарлаған.
БҰҰ деректері бойынша, Сирия үкімет күштерінің шабуылы салдарынан 40 мың адам үйлерін тастап шығуға мәжбүр болған. NBC телеарнасының ақпарат көздері ондаған мың адам Түркиямен шекараға қарай жылжуы мүмкін деп хабарлаған.
«Бейбітшілікті сөз етіп, соғыс отын көсеуді қойып, Ресей Сирия мәселесін, тұрғындарға алапат қасірет әкелген, бүкіл аймақты тұрақсыздыққа ұшыратқан жанжалды шешуге көмектесуі тиіс» деп мәлімдеген Саманта Пауэр.