Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановпен кездескен. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы қазіргі уақытта сыртқы барлау қызметі өз дамуының жаңа кезеңіне өтіп жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделенуі мен халықаралық терроризм төндіріп отырған қатердің ұлғая түскенін ескере отырып, еліміз шет елдердегі өз мүддесін қорғау жұмыстарын күшейтуге тиіс екендігіне назар аударды», делінген хабарламада.
Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша «Сырбар» басшысына бірқатар нақты тапсырма берген.