Accessibility links

Назарбаев Түркия премьерімен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) және Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу. Астана, 6 ақпан 2016 жыл. Сурет Ақорда сайтынан алынды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) және Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу. Астана, 6 ақпан 2016 жыл. Сурет Ақорда сайтынан алынды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанаға ресми сапармен келетін Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглумен кездесті.

"Кездесу кезінде екіжақты саяси диалогты нығайту, мәдени алмасу мәселелері, көлік, энергетика, туризм және инфрақұрылым қалыптастыру салаларындағы өзара байланысты дамыту жайы талқыланды" дкеп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев Түркия мен Ресей арасындағы шиеленіс, Сириядағы жағдай туралы айтқан.

- Сирия мен Ирактағы қақтығыстар мұсылмандар арасында бірліктің жоқ екенін көрсетті. Біз сунниттер мен шииттер арасында болуы мүмкін деп Батыс бұдан ілгеріректе болжағанкезеңге таяп келдік. Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың күрделенуі де біз үшін үлкен проблемаға айналды. Екі ел де біздің маңызды одақтасымыз бен серіктесіміз болып саналады, - деген Қазақстан президенті.

Ресми хабарламада Түркия премьер-министрінің екі ел арасындағы қарым-қатынас «барлық бағыт бойынша қарышты дамып келе жатқанын» атап өткені айтылған.

XS
SM
MD
LG