Accessibility links

Алматыда ұлттық қысқы универсиада басталды


Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы базасына апаратын жол. 15 қаңтар 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы базасына апаратын жол. 15 қаңтар 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Алматыдағы «Сұңқар» спторт кешенінде бүгін Қазақстанның 6-қысқы универсиада ойындары ашылды деп хабарлайды жергілікті баспасөз құралдары.

Студенттер арасындағы жарысқа қазақстандық отыздан аса жоғарғы оқу орындарынан қатысатын мыңға жуық жас спортшыға арнап Қазақстан білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов құттықтау сөз сөйлеген.

Ақпанның 17-іне дейін жалғасатын ұлттық қысқы универсиада ойындарында студент жастар спорттың 10 түрінен: шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс, шаңғымен тұғырдан секіру, шорт-трек, коньки, тау шаңғысы, сноуборд, шайбалы хоккей, биатлон және спорттық бағдарлаудан сынға түседі.

XS
SM
MD
LG