Accessibility links

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды


Солтүстік Корея зымыранын ұшыру. 13 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)
Солтүстік Корея зымыранын ұшыру. 13 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Корея бүгін таңертең алыс қашықтыққа жететін зымыранын ұшырды. Бұл туралы Оңтүстік Корея мен Жапония ресмилері хабарлады.

ВВС-дің ақпаратына сәйкес, Пхеньян зымыранды елдің солтүстік-батысындағы сынақ полигонынан ұшырған.

Жапония үкіметі зымыран ұшырылғаннан кейін біраз уақыттан соң оның бірнеше бөлігі Сары теңізге құлағаны туралы хабарлады.

Бұған дейін Солтүстік Корея ақпанның 25-іне дейін жасанды жер серігін ұшыратыны туралы халықаралық ұйымдарды ескерткен. Пхеньян ресми хабарламасында бұл шара отандық алыс қашыққа ұшатын зымыранды дамыту мақсатында жасалатыны айтылған.

Бірақ Токио мен Сеул Пхеньянның зымыран ұшыруының шынайы мақсаты – ядролық оқтұмсықты құрлықаралық баллистикалық зымыранмен нысанаға жеткізуді көздейді деп санайды.

Жапония мен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты жексенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізуге шақырған.

XS
SM
MD
LG