Accessibility links

Қырғызстанда күйеуі өртеген әйел ауыр халде жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанның солтүстігіндегі Нарын қаласында күйеуі өртемек болған 22 жастағы келіншектің халі ауыр, денесінің 65-70 пайызы қатты күйген ол қазір аурухананың жансақтандыру бөлімінде жатыр деп хабарлады Нарын облыстық ауруханасының бас дәрігері Мұрат Атбаев Азаттықтың Қырғыз қызметіне.

Әйелі мен өзін өртемек болған 27 жастағы ер адамның денесінің 35-40 пайызын күйік шалған.Ол жұма күні кешкісін Нарындағы зайыбы жұмыс істейтін туристік компанияның кеңсесіне барған. Өзге адамдардың бөлмеден шыға тұруын сұраған тұрғын, әйелі екеуі оңаша қалған соң бөлмені іштен жауып алған. Біраз уақыт өткенде іш жақтан айғайлаған дауысты естіген қызметкерлер бөлменің есігін бұзып кіріп, жалынға оранған екеуінің денесіндегі отты өшірген.

Олар ер адам әйелінің және өзінің үстіне жанармай құйып, от тұтатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG