Accessibility links

Иран ядролық келіссөз жүргізгендерді марапаттады


Иран сыртқы істер министрі, ядролық келіссөзде Иран делегациясына жетекшілік еткен Мохаммад Жавад Зариф.
Иран сыртқы істер министрі, ядролық келіссөзде Иран делегациясына жетекшілік еткен Мохаммад Жавад Зариф.

Иран билігі әлемдік державалармен ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз жүргізіп, келісім жасасқан делегацияны марапаттады.

Иран президенті Хассан Роухани 8 ақпанда сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифке "Ерен еңбек" медалін салтанатты шарада табыстады.

Иранның мемлекеттік атом энергиясы қызметінің басшысы Әли Акбар Салехи мен қорғаныс министрі Хусейн Дегхан "Ерлік" медалімен марапатталды. Бұлардан өзге тағы 20 шенеунік келіссөз кезіндегі қызметі үшін түрлі медальдармен марапатталды.

Иран 2015 жылы 14 шілдеде АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германиямен ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияны алу туралы келісім жасасқан. Қаңтардың ортасында БҰҰ-ның атом істері жөніндегі агенттігі (МАГАТЭ) Тегеран өзіне алған міндеттемесін толық орындағанын растаған соң Иранға салынған экономикалық санкциялар алынған.

XS
SM
MD
LG