Accessibility links

Астанада "ИМ-ді насихаттаған" екі адам сотталды


Астананың Сарыарқа аудандық 2-соты (Көрнекі сурет).
Астананың Сарыарқа аудандық 2-соты (Көрнекі сурет).

Астанада "терроризмді насихаттады" деген айыппен радикалды діни ағымның екі "жақтасы" 7 жылға сотталды деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметтері бойынша, аты-жөні мен жас шамасы айтылмайтын екі сотталушы өткен жылы жазда Астанада жүргенде шетелде "қарулы жиһад жасауды" және "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының құрамына кіруді "насихаттаған".

Астананың Сарыарқа аудандық 2-соты айыпталғандарға жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге және дүние-мүлкін тәркілеуге үкім кескен.

XS
SM
MD
LG