Accessibility links

Сот бизнесмен Төлешовті қамауда қалдырды


Шымкент сыра зауыты. 30 қаңтар 2016 жыл.
Шымкент сыра зауыты. 30 қаңтар 2016 жыл.

Астана соты шымкенттік белгілі бизнесмен Тоқтар Төлешовтің адвокатының тергеу аяқталғанға дейін бизнесменді қамауда ұстауға қарсы берген шағымын қанағаттандырмай тастады.

"Шымкент сыра" компаниясыынң иесі, қаңтардың соңында арнайы операция барысында ұсталған Төлешовтің адвокаты бизнесменді бұлтартпау шарасын ауыстыруды сұраған. Астана қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық қылмыстық істер сотының сот алқасы тергеушінің Төлешовті қамауға алу туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырған.

Астананың Алматы аудандық 2-соты 1 ақпанда Төлешовті қамауға алу туралы санкция шығарған. Төлешов қылмыстық кодекстің 266-бабы ("қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу") және 297-бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша күдікті деп танылған.

Тоқтар төлешов 30 қаңтарда Шымкентте ұсталған. Ресми ақпар бойынша, онымен бірге тағы үш адам ұсталған. Полиция ұсталғандардың бірі іздеуде жүрген Сергей Калтаков есімді азамат екенін айтады. Басқа ұсталғандардың кім екені әзірге айтылмай отыр.

XS
SM
MD
LG