Accessibility links

Ирак армиясы Рамади маңын ИМ-нен қайтарды


Рамадидің шығысында жүрген Ирак үкіметі күштері. 8 ақпан 2016 жыл.
Рамадидің шығысында жүрген Ирак үкіметі күштері. 8 ақпан 2016 жыл.

Ирак армиясы елдің батысындағы Рамади қаласының маңындағы территорияны "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымынан басып алғанын хабарлады.

Ирак әскерилерінің мәліметінше, армия, полиция мен терроризммен күрес бөлімдері Рамади мен АҚШ бастаған коалиция күштері орналасқан Хаббания қаласын және Бағдатты жалғайтын жолды ашқан.

Ирак үәскері желтоқсанда Анбар провинциясының орталығы Рамадиді содырлардан қайтарып алғанын жариялаған. Бірақ қаланың шығысындағы елді мекендерде ИМ содырларымен үздік-создық қақтығыс осы кезге дейін жалғасқан.

Ирак билігі елдің солтүстігіндегі Мосул қаласын ИМ содырларынан қайтарып алу үшін аймаққа мыңдаған сарбаз түсіріп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG