Accessibility links

Анкара АҚШ елшісін түсінік беруге шақыртты


АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Джон Басс.
АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Джон Басс.

Анкара АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің Сириядағы күрдтерге қатысты мәлімдемесінен соң АҚШ елшісін түсінік беруге шақыртты. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джон Кирби бұған дейін Вашингтон Сириядағы "Күрд демократиялық одағы" партиясын (PYD) террористік ұйым деп санамайтынын айтқан. Анкара бұл партияны Түркияның оңтүстік-шығысында күрд автономиясын құруға тырысатын және Түркия, АҚШ пен Еуропа Одағы бірдей террористік деп таныған Күрдістан жұмысшы партиясының бөлімі санайды.

Вашингтон сириялық күрдтердің "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресін қолдайды. АҚШ елшісі Джон Басс Түркия сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған Анкараның күрдтерге қатысты мәлімдемеге алаңдайтыны айтылған.

Кирбидің мәлімдемесі АҚШ пен Түркия арасындағы қатынасты шиеленістіріп, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тіпті Вашингтонды одақтас ретінде я Анкараны, я күрдтерді тануға шақырған.

XS
SM
MD
LG