Accessibility links

Сирияда "Шекарасыз дәрігерлер" ауруханасы бомбаланды


"Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымының Бағдад маңындағы емдеу пункті, Ирак (Көрнекі сурет).
"Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымының Бағдад маңындағы емдеу пункті, Ирак (Көрнекі сурет).

Сирияда халықаралық "Шекарасыз дәрігерлер" қайырымдылық ұйымының ауруханасы бомбаланды. Әуе соққысынан үш адам қаза тауып, алты адам жараланды. Ұйым мәлімдемесінде соққы Сирияның Иорданиямен шекарасына жақын Тафас қаласындағы ауруханаға жасалғаны айтылған. Бұл аймақты үкімет әскері мен көтерілісшілер өздерінікі санайтын.

Әуе шабуылын кім жасағаны әзірге белгісіз. Соңғы уақытта бұл ауданда Сирия үкіметі әскері Ресей авиациясының қолдауымен шабуыл бастаған. "Шекарасыз дәрігерлер" мәлімдемесінде шабуыл 5 ақпанда болғанын және одан жедел жәрдем пунктінің бір бөлігі қирағанын айтады. Әуе шабуылында Тафастан 20 мыңнан астам адам бассауғалап кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG