Accessibility links

АҚШ барлауы: Мосулды биыл азат ету - екіталай


АҚШ қорғаныс министрлігі барлау басқармасының басшысы Винсент Стюарт.
АҚШ қорғаныс министрлігі барлау басқармасының басшысы Винсент Стюарт.

Ирак үкімет күштері елдің екінші ірі Мосул қаласынан "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларын биыл ығыстырып шығаруы екіталай деп мәлімдеді АҚШ барлау қызметінің шенеуніктері.

АҚШ қорғаныс министрлігі барлау басқармасының басшысы, генерал-лейтенанты Винсент Стюарт АҚШ пен Ирак-тың басқа әскери басшыларындай емес, Мосул ИМ-нен биыл азат етіледі дегенге күмән келтіреді.

Бағдад 9 ақпанда Мосулды азат ету операциясын жүргізу үшін қала маңындағы әскери базаға қосымша мыңдаған әскер жіберу жоспары барын жариялаған.

"Мосул операциясы күрделі болайын деп тұр. Мен жақын уақытта, нақты айтсам биыл операцияны аяқтай алатынымызға сенімді емеспін" деді Стюарт АҚШ конгресі сенатының қарулы күштер комитетінде.

"Біз азат ету кампаниясын бастап, Мосул маңында жекелеген оқшаулау операцияларын жүргізе алуымыз мүмкін. Бірақ Мосулды алу дегеніміз ол ауқымды операция әрі мен оның биыл орындалатынын көре алмай тұрмын" деді Стюарт.

Ирак үкімет күштері АҚШ әуе шабуылының қолдауымен желтоқсанда Рамади қаласын ИМ-нене тартып алғанын жариялаған. Бірақ Мосул Рамадиден әлдеқайда үлкен қала.

XS
SM
MD
LG