Accessibility links

Нигерияда жарылыстардан 58 адам мерт болды


Нигерияның Абуджа қаасында жасалған теракт (Көрнекі сурет)
Нигерияның Абуджа қаасында жасалған теракт (Көрнекі сурет)

Нигерия билігі елдің солтүстік-шығысында босқындар лагерінде 10 ақпанда жанкешті екі әйел өздерін жарып жіберіп, 58 адам қаза тапқанын хабарлады. Терактілерден 78 адам жараланды.

Нигерия мемлекеттік төтенше жағдайлар агенттігінің мәліметінше, жанкешті үшінші әйел лагерде өзінің ата-анасы мен бауырлары барын білген соң денесіне таңған бомбаны іске қосудан бас тартқан. Ол дереу ұсталып, қауіпсіздік қызметіне басқа да теракт жасау жоспарланғанын айтып, лагерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Жарылыстар "Боко харам" экстремистік ұйымы содырларының шабуылынан бассауғалаған 50 мыңға тарта адам тұрып жатқан лагерде болды.

"Боко харам" ұйымының алты жылға созылған шабуылдарынан 20 мыңға тарта адам қаза тауып, 2,5 миллион адам баспанасынан айырылды.

Өткен жылы Нигерия, Чад және Камерун әскерилері "Боко харам" басып алып, "ислам халифатын" жариялаған жерлерден содырларды ығыстырып шығарған соң олар мешіт, сауда үйлері сияқты халық көп жиналатын жерлерге шабуыл жасауды күшейткен.

XS
SM
MD
LG