Accessibility links

Медведев жаңа "дүниежүзілік соғыс" қаупін ескертті


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев егер Сирия дағдарысы шешілмесе және АҚШ пен араб елдерінің құрлықтағы әскері Сириядағы дағдарысқа киліксе "тұрақты" немесе "дүниежүзілік соғыс" болу қаупі туындайтынын ескертті.

Немістің Handelsblatt газетіне берген сұхбатында Медведев Вашингтон мен Мәскеу қақтығысты тоқтату үшін оған қатысты барлық тарапқа өз ықпалын пайдалануы тиіс деп мәлімдеді.

Медведев егер Сауд Арабиясы әскері Сирияда АҚШ-тың басшылығымен құрлықтағы операцияларға қатысса қақтығыс Ауғанстандағы және "басқа да көптеген елдердегі" сияқты "тұрақты" сипат алуы мүмкін. Ол АҚШ пен араб елдері Сириядағы қақтығысқа бұдан ары да килікпес бұрын мұқият, тыңғылықты ойлануы тиіс екенін және "барлық тараптарды жаңа әлемдік соғыс өртін тұтатқанша келісссөз жасауға мәжбүрлеу қажетін" айтты.

17 мемлекет, БҰҰ мен Араб лигасы елдері кіретін Сирияны қолдау тобы 11 ақпанда Мюнхенде өткен кездесу қорытындысында Сирияда бітім орнатуға келіскен. Келісім бойынша, бітім бір апта ішінде орнауы тиіс.

XS
SM
MD
LG