Accessibility links

Taiwan Open-2016: Путинцева - жартылай финалда


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Гаосюнде (Тайвань) өтіп жатқан Taiwan Open-2016 жарысының жартылай финалына шықты.

Путинцева ширек финалда швейцариялық Штефани Фегелені (рейтингте 117-орында) жеңді. Бірінші сетте Путинцева 6:3 есебімен ұтқан. Ал екінші сетте Фегеле жарысты жалғастырудан бас тартты.

Путинцева жартылай финалда америкалық Винус Уильямспен (12-орын) кездеседі.

XS
SM
MD
LG