Accessibility links

Прагада ұлттық мұражайда өрт болды


Чехия ұлттық мұражайындағы өрт. Прага, 12 ақпан 2016 жыл.
Чехия ұлттық мұражайындағы өрт. Прага, 12 ақпан 2016 жыл.

Праганың орталығындағы Вацлав алаңында орналасқан Чехия ұлттық мұражайында өрт болды. Өрт 12 ақпан күні таң ата басталып, екі сағаттан соң өшірілді.

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, өрт аумағы 200 шаршы метрді құрады. Өрттен ғимараттың төбесі мен шатыры бүлінді. Мұражайдағы жәдігерлерге зақым келмеген. Мұражайдың бір күзетшісі ыстан уланып ауруханаға түсті.

Қазір өрттің себебі анықталып, шығын көлемі есептеліп жатыр.

1885-1891 жылдары кейінгі Ренессанс стилінде салынған тарихи мұражай қазір қайта жөнделіп жатыр. Жөндеу жұмыстары 2018 жылы аяқталуы тиіс.

XS
SM
MD
LG