Accessibility links

Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінде өрт шыққан


Астана қаласының көрінісі.
Астана қаласының көрінісі.

Бүгін түнде Астанада жаңадан салынып жатқан «Абу-Даби Плаза» кешенінде өрт шықты деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт туралы суыт хабар таңға сағат төрт жарымнан өте түскен. Кешеннің 25 қабатындағы құрылыс орнынан өрт шыққан.

Өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Алдын ала болжам бойынша, оқиға болған жерде газ баллондары жарылған.

Көпқабатты бірнеше ғимараттан тұратын «Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені құрылысы 2010 жылы басталған. Жоспар бойынша, кешеннің құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Жалпы аумағы 510 мың шаршы метрді құрайтын кешендегі мұнараның биіктігі 382 метр болады деп хабарланған.

XS
SM
MD
LG