Accessibility links

Павлодар: 9-қабаттан секірген екеудің халі ауыр


Павлодар облысының аумақтық картасы.
Павлодар облысының аумақтық картасы.

Павлодарда биік үйдің тоғызыншы қабатынан секірген жігіт пен қыз қалалық 1-аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды Tengrinews сайты.

Дәрігерлер екеуінің жағдайын ауыр деп бағалап отыр. «Олар естерін біледі, екеуінің де миы шайқалып, қабырғалары сынған. Қыздың омыртқасы, жігіттің – оң жақ аяғы зақымданған» деген аурухана бас дәрігерінің орынбасары.

Жұма күні сағат 13-тің шамасында Павлодардағы Жаяу Мұса көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан жігіт пен қыздың секіргені туралы ақпарат тараған еді. Куәгерлердің айтуынша, екеуі тұрғын үйдің төменгі қабатына жапсарлас тұрған дүкеннің шатырына құлаған. 19 жастағы қыз бен 26 жастағы жігіттің мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірше белгісіз.

Бұл оқиғаға байланысты «Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG