Accessibility links

Футзал: Қазақстан Еуропа чемпионатында қола алды


Футзалдан Қазақстан құрамасы.
Футзалдан Қазақстан құрамасы.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Сербияда аяқталған Еуропа чемпионатында қола медаль иеленді.

Үшінші орын үшін өткен ойында Қазақстан Сербия құрамасын 5:2 есебімен жеңді.

Матч кезінде Қазақстан сапынан Дуглас хет-трик авторы атанса, Серік Жаманқұлов пен Игита бір-бір голдан салды.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Ресейден жеңіліп, Хорватияны жеңген. Ширек финалда Қазақстан командасы 2014 жылғы Еуропа чемпионы Италия құрамасын ұтқанымен, жартылай финалда Испаниядан жеңіліп қалған еді.

Қазақстан футзалдан Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып, бірден үшінші орын иеленді.

Футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионаты Словенияда өтеді.

XS
SM
MD
LG