Accessibility links

Польша билігі «поляк ажал лагері» терминін жойғысы келеді


Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер Польша жерінде салған Аушвиц-Биркенау (Освенцим) концлагері. 27 қаңтар 2016 жыл.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер Польша жерінде салған Аушвиц-Биркенау (Освенцим) концлагері. 27 қаңтар 2016 жыл.

Польша үкіметі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер осы елдің аумағында құрған концлагерьлерге қатысты «поляк ажал лагерьлері» деген терминді қолдануға тыйым салатын заң жобасын әзірледі. Польша әділет министрі Збигнев Жобро мемлекет «адамдарды шатастырып», «ел азаматтарының намысына тиетін» сөздерді қолданыстан алып тастауға ниетті екенін айтқан.

Польша билігі соңғы жылдары қате деп санайтын терминді қоғамдық және ғылыми ортадағы қолданыстан біржолата алып тастау қажеттігін мақсатты түрде және табандылықпен түсіндіріп келеді. Бұл бастамаға мұрындық болғандар оны жұрт арасында екінші дүниежүзілік соғыс жылдары нацистер құрған, миллиондаған адамның ажалына себепкер концлагерьлер үшін Польша жауапты деген қате ұғым қалыптаспауы үшін қажет шара санайды.

Сенбі күні Польша радиосына сұхбатында министр Жобро тарихи оқиғаға қатысты қате түсінік қалыптасуына негіз болатын терминді жою қажеттігі туралы мәлімдеген. Оның айтуынша, келесі аптада қоғам назарына ұсынылатын заң жобасында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польша территориясында орналасқан концлагерьлер туралы теріс анықтама бергені үшін жазалау шарасы қарастырылған.

XS
SM
MD
LG