Accessibility links

Кремль: Путин мен Обама Украина мен Сирияны талқылады


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин суреттерінен коллаж.
АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин суреттерінен коллаж.

Кремль баспасөз қызметі бүгін Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обаманың телефонмен сөйлескені туралы хабарлады. Әңгіме АҚШ тарапының бастамасы бойынша өтті деп хабарлады Кремль.

Ресми ақпаратта АҚШ пен Ресей президенттері Сирияны қолдау халықаралық тобының Мюнхенде 11-12 ақпанда өткен жиыны қорытындысына оң баға беріп, атысты тоқтатуға бағытталған күш-жігерге қолдау білдіргендері айтылған. Ресей президенті «екіжүзді стандарттан бас тартып, террорға қарсы бірегей майдан құру маңыздылығына тағы да назар аударды» деп хабарлады Кремль әкімшілігі.

Сонымен бірге, Украина жайлы сөзінде Путин Киевтің Минск келісімдері аясындағы өз міндеттемелерін орындау үшін нақты қадамдар жасайтындығына үміт білдірді дейді Ресей президентінің баспасөз қызметі.

Сенбі күні Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Украина президенті Петр Порошенко Путинді «Украинаға қарсы басқыншылық жасады» деп айыптаған. «Донбаста ешқандай азаматтық соғысы жүріп жатқан жоқ, әңгіме Кремль басқыншылығы мен украин жерінде ресейлік әскерилердің жүргенін Мәскеудің жоққа шығаратыны туралы болып отыр» деген Порошенко. Ол сонымен бірге Ресейді Минск келісімдері бойынша алған міндеттемелерін орындауға шақырған.

XS
SM
MD
LG