Accessibility links

Лиллехамер-2016. Пантова - қола жүлдегер


Қазақстандық биатлоншы Арина Пантова. (Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды).
Қазақстандық биатлоншы Арина Пантова. (Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды).

Лиллехамерде (Норвегия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы олимпиадада қазақстандық биатлоншы Арина Пантова қола медаль алды.

17 жастағы биатлоншы алты шақырымдық спринттік жарыста жүлдеге ие болды.

Алтынды германиялық Юлиан Фрууерт, күмісті - норвегиялық Марта Юхансен олжалады.

Бұл - Қазақстанның Лиллехамердегі алғашқы медалі. Бүгін, 14 ақпанда шорт-тректен 1000 метрлік жарыста Анита Ногай 9-орын иеленді.

Лиллехамердегі қысқы олимпиада 21 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG