Accessibility links

ЭКСПО-ға қосымша 85 миллиард теңге бөлінбек


EXPO-2017 көрмесінің логотипі (Көрнекі сурет).

Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне арналған нысандар құрылысын аяқтауға 85 миллиард теңге бөлінеді деп хабарлады ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Бүгін үкімет отырысында сөйлеген Досаев 85 миллиард теңгенің 60 миллиарды көрме контенті мен павильондарды құруға, жоғары технологиялық инфрақұрылымды жасауға және басқа да шараларды жасауға жұмсалатынын, 15 миллиард теңге көрме аумағындағы тұрғын үй мен сауда ойын-сауық орталығы құрылысын аяқтауға бөлінетінін айтты.

Қалған 10 миллиард теңге Астана әуежайының ұшу-қону жолақтарын қайта жасауға және терминал құрылысын аяқтауға бөлінбек.

EXPO-2017 көрмесі құрылысын жалғастыруға 2015 жылы ұлттық қордан бұған дейін жұмсалған 25 миллиард теңгеге қосымша 40 миллиард теңге бөлінген еді.

XS
SM
MD
LG