Accessibility links

Досаев: Зейнетақы қаржысын инвестициялау - уақытша шешім


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кеңсесіне кіріп бара жатқан адам. Алматы, 25 қыркүйек 2015 жыл.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кеңсесіне кіріп бара жатқан адам. Алматы, 25 қыркүйек 2015 жыл.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстан билігінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) 1 триллион 450 миллиард теңгені инвестициялау бастамасын "2016 жылға арналған уақытша шешім" деп атады.

Астанада өткен үкімет отырысында бүгін Досаев "бұл уақытша шешім" БЖЗҚ қаржысын инвестициялаудың жаңа әдістері бекітілгенге дейін қабылданғанын айтты.

Оның сөзінше, БЖЗҚ-ның 350 миллиард теңгесі 2016 жылдың бюджет тапшылығын жоюға, 500 миллиард теңгеге дейінгі қаржы шетел валютасын конвертациялауға, 600 миллиард теңге экономиканы қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктердің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың облигацияларын алуға жұмсалады.

10 ақпанда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БЖЗҚ қаржысын "бірқатар жобаға" инвестициялау қажетін айтқан.

БЖЗҚ мәліметі бойынша, биылғы жылдың басында жиналған зейнетақы қорының қаржысы бес триллион 828 миллиард теңгеге (шамамен 16 миллиард доллар) жеткен.

XS
SM
MD
LG