Accessibility links

Дағыстанда жарылыстан екі полицей қаза тапты


Дағыстан картасы (Көрнекі сурет).
Дағыстан картасы (Көрнекі сурет).

Дағыстанның Дербент ауданында бүгін көлік жарылып, екі полицей қаза тапты. Ресейлік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, көлік жол полициясы бекетінде жарылған. Жарылыстан тағы екі полицей жараланған.

Қазір оқиғаны тергеу басталды. Бірақ оқиға орнынан табылған айғақтар жарылыста газ канистрі қолданылған болуы мүмкін екенін көрсетеді. Жергілікті полиция жарылысты жанкешті жасаған болуы мүмкін дейді.

Дағыстанда Совет Одағы құлағаннен кейін Шешенстандағы екі соғыста пайда болған исламшыл бүлікшілер жиі шабуыл жасайды. Мұндағы зорлық-зомбылыққа ұйымдасқан қылмыс, бизнестегі егес, саяси дау, кланаралық бәсеке де әсер етіп отыр. Исламшыл бүлікшілер шабуылына көбіне қалыпты мұсылман діни тұлғалары, имамдар, журналистер, полицейлер мен билік өкілдері ұшырайды.

XS
SM
MD
LG