Accessibility links

Босния және Герцеговина ЕО-ға кіруге өтініш берді


Босния және Герцеговина премьер-министрі Денис Звиздич (сол жақта) пен ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини.
Босния және Герцеговина премьер-министрі Денис Звиздич (сол жақта) пен ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини.

Босния және Герцеговина Еуропа Одағына (ЕО) кіруге ресми түрде өтініш берді деп хабарлады бүгін ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини. Ол Сараево өтініш білдіргенін, бірақ Брюссель Босния және Герцеговина қажетті талаптардың барлығына бірдей сай келмейді деп тапқанын айтты.

Биыл ЕО-ға төрағалық етіп отырған Дания сыртқы істер министрі Берт Кендерс одақ Босния және Герцеговина реформаларын ары қарай жүргізеді деп күтетінін айтты.

Босния және Герцеговинаның ЕО-ға кіруге өтініш беретінін 10 ақпанда осы ел премьер-министрі Денис Звиздич мәлімдеген. Ол өз елі ЕО-ға кіру талаптарына сай келетініне сенімді екенін және ЕО келесі жылы Босния және Герцеговинаға кандидат ел мәртебесін береді деп үміттенетінін айтқан.

Босния және Герцеговина құрамына кіретін Серб республикасының үкіметі заңдардың ЕО талаптарына сай келуін қамтамасыз ететін механизмдерді құруда консультациялар жүргізілмегенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG