Accessibility links

Сот Байдалинованы бұлтартпау шарасын қарап жатыр


Nakanune.kz сайты редакторы әрі меншік иесі Гузал Байдалинова (оң жақта) мен оның адвокаты Инесса Кисилева Алмалы аудандық сотында. Алматы, 26 желтоқсан 2015 жыл.
Nakanune.kz сайты редакторы әрі меншік иесі Гузал Байдалинова (оң жақта) мен оның адвокаты Инесса Кисилева Алмалы аудандық сотында. Алматы, 26 желтоқсан 2015 жыл.

Алматының Алмалы аудандық соты қалалық ішкі істер департаментінің тергеушісі Алексей Чапуриннің оппозициялық Nakanune.kz сайтының иесі, журналист Гузяль Байдалинованы қамау мерзімін тағы бір айға ұзарту туралы өтінішін қарады.

15 ақпан күні кешке өткен сот отырысында прокурор Олжас Мұсаев тергеушінің өтініші қолдады. Байдалинованың адвокаты Инесса Киселева өтінішті қараушы судья Алма Әбдіхалықовадан тергеушінің өтінішін қанағаттандырмауды сұрады. Адвокат сотта Байдалинованы кепілге босатуды сұрап өтініш берді. Киселева сотқа Байдалинованың созылмалы сырқаты күшейіп, денсаулық жағдайы нашарлап кеткенін айтып, мұны дәлелдейтін бірнеше дәрігерлік анықтама қағаздарын көрсетті.

Прокурор Мұсаев Байдалинованы кепілге босатуға қарсы болды. Судья Әбдіхалықова дәрігерлік анықтама қағаздарының көп болуына байланысты оларды тексеріп қарауға бірталай уақыт кететінін айтып, кепілге босатуға қатысты шешімді бүгін, 16 ақпан күні кешке жариялайтынын айтты.

2015 жылдың 26 ақпанында Алмалы аудандық соты Байдалинованы тергеу аясында екі айға қамаған. Байдалинова 23 желтоқсанда Nakanune.kz сайтында "Казкоммерцбанк" туралы тапсырыспен жазылған мақалаларды жариялау ісіне қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

Бұған дейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстан билігін Байдалинованы дереу босатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG