Украинада өткен жылдың қыркүйегінен бері тұмаудан қайтыс болғандар саны 286 адамға жетті. Украина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың арасында аяғы ауыр екі әйел мен төрт жасөспірім бар. Тұмаумен ауырғандардың көпшілігі Одесса мен Киев облыстарының тұрғындары.
Денсаулық сақтау министрлігі "науқастар бұған дейін кейбір ақпарат құралдары хабарлағандай H1N1 вирусынан қайтыс болды ма?" деген сұраққа жауап бермеген.
26 қаңтарда денсаулық сақтау министрі Александр Квиташвили Украинада тұмау індеті тарады деп ресми түрде жариялаған.