Черногория НАТО-мен осы альянс құрамына кіру туралы келіссөз бастады. НАТО өкілдерінің хабарлауынша, екі күндік келіссөзде Черногорияның өтінішіне қатысты бірқатар әскери-саяси және құқықтық мәселелер талқыланып, екі жақ арасында шешілмеген мәселелердің "басын ашып алуға" мүмкіндік туады.
НАТО желтоқсанда Черногорияны өзіне 29-мүшесі болып қосылуға шақырған. Черногория премьер-министрі Мило Джуканович өз елінің НАТО құрамына кіруіне мүдделі.
Ресей НАТО-ның кеңеюін өз қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп санайды. Черногориядағы ресейшіл оппозиция Мило Джукановичті отставкаға кетуге шақырған.