Accessibility links

Босния сербтерінің экс-полицейіне айып тағылды


Босниялық сербтердің бұрынғы полицейі Дарко Мрджя Гаагадағы халықаралық қылмыстық сотта отыр.
Босниялық сербтердің бұрынғы полицейі Дарко Мрджя Гаагадағы халықаралық қылмыстық сотта отыр.

Босниялық сербтердің бұрынғы полицейі Дарко Мрджяға 1992-1995 жылдары бұрынғы Югославияда болған соғыс кезінде жасалған әскери қылмыстарға қатысты жаңа айыптар тағылды.

Дарко Мрджя мен бұрынғы екі полицей Раденко Маринович және Милан Гаврилович 15 ақпанда Босния және Герцеговинада ұсталған. Прокуратура олардың үшеуін де 1992 жылы Югославияның солтүстік-батысындағы Приедор қаласында лагердегі он ұлты серб емес адамды өлтірді деп айыптайды.

БҰҰ-ның Гаагадағы бұрынғы Югославия ісі бойынша Халықаралық қылмыстық соты 2004 жылы Мрджяны өзінің 200-ге тарта мұсылман және хорватты жаппай атып, денелерін жартастан лақтыру ісіне қатысқанын мойындаған соң 17 жылға соттаған.

Қазір 48 жастағы Мрджя 2013 жылы жаза мерзімінің үштен бірін өтеген соң бостандыққа шығарылған. Кейін ол Босния және Герцеговинаға оралған.

XS
SM
MD
LG