Accessibility links

Мәскеу: Оппозиция Немцовты еске алу маршын өткізеді


Мәскеудегі Борис Немцов қаза тапқан жерге орнатылған мемориал.
Мәскеудегі Борис Немцов қаза тапқан жерге орнатылған мемориал.

Мәскеу билігі қаладағы Славянский алаңынан Үлкен Мәскеу көпіріне дейін оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу маршын өткізуге келісім беруден бас тартты. Бұл туралы Facebook-те Халық еркіндігі партиясының (ПАРНАС) жетекшісі, маршты ұйымдастырушылардың бірі Михаил Касьянов хабарлады. Оның сөзінше, Мәскеу мэриясы маршты Страстный бульварынан Сахаров алаңына дейінгі аралықта өткізуді ұсынған.

"Көпшілігі білетін шығар, Борис Немцов ұйымдастырған акциялардың көбі билік ұсынған осы маршрут бойынша өткен. Сондықтан бүгін ПАРНАС коалициясы кеңесінде біз бұл ұсынысты қабыл алдық" деп жазды Касьянов. 27 ақпанда өтеді деп белгіленген акцияға 50 мың адам қатысады деп көрсетілген.

Бұған дейін Санкт-Петербург пен Нижний Новгород қаласының билігі Немцовты еске алу маршын өткізу маршрутымен келісуден бас тартқан. Екатеринбург мэриясы марш өткізу өтінішін мүлдем қабылдамай тастаған.

Ресейдің бұрынғы вице-премьері, бұрынғы мемлекеттік дума депутаты Борис Немцов 2015 жылы 27 қаңтарда Мәскеудің орталығында - Кремль маңында қастандықтан қаза тапқан. Қастандық жасалған күннің ертеңінде Ресей президенті Владимир Путин Немцовтың қазасын тергеуді жеке өзі бақылауға алғанын мәлімдеген. Немцовтың туыстары мен серіктерінің тергеу барысына көңілдері болмайды.

XS
SM
MD
LG