Accessibility links

Дәурен Абаев: Заң қазақ тіліне қатысты да сақталуы тиіс


Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).
Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тіл туралы айтқан ескертпесіне қатысты түсінік берді. Ақорданың Facebookтегі парақшасында Абаев Назарбаев ескертпесінде "азаматтардың қай тілде өтініш жасағанын ескеруі тиіс екенін анық аңғартқанын" айтады.

Нұрсұлтан Назарбаев ақпанның 16-сы күні Алматыдағы жиында «Маған жеткен ақпараттар бойынша, орыс тілді адам мекемелерге барып орысша сөйлесе, ол қазақша жауап алады. Кім бұған рұқсат берді? Прокуратура неге Қазақстан заңдарының бұзылуын тексермейді? Егер ол орысша өтініш жасаса – орыс тілінде жауап алуы тиіс..." деген еді. Президенттің пікірінше, билік өкілінен өтініш жасаған тілде жауап ала алмау - "заңсыздық". Назарбаевтың бұл сөзін әлеуметтік желі қолданушылары түрліше қабылдап, әрқалай түсініктеме бере бастаған.

Абаев президенттің пікіріне қатысты "Тіл туралы" заңда "мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің азаматтардың өтініші мен басқа да құжаттарға жауабы мемлекеттік тілде немесе қатынас тілінде беріледі" деп жазылған. Шенеуніктердің заңның бір жағын ғана орындайтын кездері кездеседі. Президент осындай мемлекеттік қызметкерлерге ғана қарата сөйледі" деп жазады.

Абаев "ол (президентті айтады - ред.) орыс тілінде жауап беру туралы ғана мысал келтірді, алайда дәл осы ереже билік өкілдері қазақтілді азаматтарға жауап бере алмай жататын сәттерде де қолданылады" дейді.

Абаевтың пікірінше, заң талабы қазақтілді азаматтарға жауап бере алмайтын билік өкілдеріне де қатысты және "бұл тақырыпқа қатысты алаңдаушылыққа ешқандай ерекше негіз жоқ".

XS
SM
MD
LG