Accessibility links

«Таблиғи жамағат» мүшелері сотта соңғы сөзін айтты


"Таблиғи жамағат" ұйымының мүшесі деп айыпталған адамдар сот залында тұр. Астана. 17 ақпан, 2016 жыл.
"Таблиғи жамағат" ұйымының мүшесі деп айыпталған адамдар сот залында тұр. Астана. 17 ақпан, 2016 жыл.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық 2-сотында «Таблиғи жамағат» тобының мүшелері деп сотталып жатқан айыпталушылар бүгін соңғы сөздерін айтты. Айыпталушы бес адамның бірі – Халымбахи Халым соттан кәмелет жасына жетпеген үш баласы барын, «дін жолында адам баласына жамандық жасамағанын», «Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері көрсеткен кемшіліктерді түсінгенін» ескеріп, бас бостандығын айырмайтын жаза сұрады. Сонымен қатар ол өзіне қосымша тағылған «алауыздық тудырды» айыбына (қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-тармағы) келіспейтінін мәлімдеді.

Өзге төрт айыпталушы өздерінің «Таблиғи жамағат» ұйымына мүше болғанын растап сөйледі. «Бұл ұйымның жұмысы таза» деген олар өздері «істі дұрыс жүргізе алмағандарын» айтты. Айыпталушылар сот пен прокурорға "бақыт тілеп", «тағдырдың жазуына көнетіндерін» білдірді.

«Экстремистік немесе терроризмге қатысты әрекеті үшін тыйым салынған ұйымға қатысы бар» деп айыпталған бес адамның ісін судья Ұмсын Мұқанғалиева қарап жатыр. Бір айдан бері қаралып жатқан соттың үкімі ертең шығарылады.

XS
SM
MD
LG