Accessibility links

Бурылда Азаттық тілшісінің планшетін тартып алды


Бурыл ауылында көшеге жиналған тұрғындар мен полиция. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 17 ақпан 2016 жыл.
Бурыл ауылында көшеге жиналған тұрғындар мен полиция. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 17 ақпан 2016 жыл.

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылында болып жатқан халық наразылығы кезінде кәсіби қызметін атқарып жүрген Азаттық тілшісі Дилара Исаның планшетін азаматтық киім киген бірнеше адам тартып алған. Бұл туралы оқиға орнында жүрген тілші хабарлады.

- Баспалдақта тұрып видео түсіріп жатыр едім, аты-жөндерін білмеймін, әйтеуір сол жерді басқарып жүрген ресми орган адамдары келіп мені тергей бастады. Екеуі қолтығымнан сүйреп, "жүріңіз, ары жаққа барып сөйлесеміз" деп тарта жөнелмек болды. Қолымдағы планшетке жармасып, қатты күшпен тартып алды, - деді тілші телефон арқылы.

Оның айтуынша, сол маңдағы қарапайым ауыл тұрғындары әлгі азаматтық киім киген ресми адамдарға: "журналиске тиіспеңіз" деп шулап, арашалап алған. Ресми адамдар тілшінің планшетін қайтармай алып кетіп қалған.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында 17 ақпанда кешке қарай жүздеген адам жиналып, осының алдында болған толқу кезінде қамалған азаматтарды босатуды талап еткен. Бурыл тұрғындарының толқуына осы ауылда кішкентай ұл баланың кісі қолынан қаза табуы түрткі болған. Кейін қастандық жасаушы күдіктінің этникалық түрік екені хабарланды. Ауыл халқының басым көпшілігі - қазақтар. Қазір Бурылды арнайы әскер қоршауға алып тұр.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG