Accessibility links

ОСК сайлауға ТМД бақылаушыларын тіркеді


Орталық сайлау комиссиясы мүшелері президент сайлауын бақылаған ТМД бақылаушыларымен бірге. Астана, 27 сәуір 2015 жыл.
Орталық сайлау комиссиясы мүшелері президент сайлауын бақылаған ТМД бақылаушыларымен бірге. Астана, 27 сәуір 2015 жыл.

Орталық сайлау комиссиясы бүгін парламент мәжілісінің ерте сайлауын бақылауға ТМД бақылаушылар миссиясының 12 өкілін тіркегенін хабарлады.

ОСК бұған дейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы Демократиялық институттар және адам құқығы бюросының (ДИАҚБ) 40 бақылаушысын тіркеген.

Парламент мәжілісіне ерте сайлау наурыздың 20-сына белгіленген. ОСК «Нұр Отан» (127 үміткер), «Ақ жол» (35), "Ауыл" (19), "Бірлік" (8) партиялары мен Қазақстан халықтық-коммунистік партиясының (22) және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (23) кандидаттарын тіркеген.

Сайлауға шетелдік және халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын тіркеу 14 наурызда аяқталады.

XS
SM
MD
LG