Accessibility links

Екі облыста бораннан жолдар жабылды


Көрнекі сурет.

Бүгін Алматы және Ақтөбе облыстарында бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты көлік қозғалысы шектелді деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

Алматы облысында Үшарал-Достық автокөлік жолының Көктұма ауылы мен Достық станциясы аралығындағы бөлігі уақытша жабылып, барлық көлік түрлерінің осы бағыт бойынша жолға шығуына тыйым салынған.

Ақтөбе облысында Ембі қаласы мен Шалқа кенті аралығы, Солтүстік айналма жолы, Хромтаудан Бадамша ауылына дейін баратын жол, Родниковка мен Мартұқ арасы және Қобдадан Ресеймен шекарадағы Соль-Илецк аралығы уақытша жабылған.

AzattyqTV

Air Astana ұшағына не болды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00
Португалиядағы оқиға

Air Astana ұшағына не болды?

XS
SM
MD
LG