Accessibility links

Сирияда жарылыстардан 100-ден аса адам мерт болды


Хомстағы жарылыс болған жерде қираған көліктер. Сирия, 21 ақпан 2016 жыл.
Хомстағы жарылыс болған жерде қираған көліктер. Сирия, 21 ақпан 2016 жыл.

Сирияда үкімет әскері бақылауындағы территорияларда болған жарылыстардан 100-ден аса адам қаза тапты. Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымы мәліметінше, Хомс қаласы орталығында екі көлік жарылуынан 59 адам мерт болған. Қаза тапқандардың көбі - бейбіт тұрғындар.

Бұл жарылыстардан бірнеше сағат өткенде Дамаск маңындағы шииттер көп тұратын Саид Зейнаб ауданында жарылғыш зат жасырылған көлік пен жанкешті қатар жарылыс жасап, кем дегенде 50 адам құрбан болды. Бұл ауданда шииттердің ең ірі қорымының бірі орналасқан. Жарылыстарға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда террористік ұйым ретінде тыйым салынған - ред.) экстремистік тобы мойнына алды.

XS
SM
MD
LG