Accessibility links

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 23 ақпан күні ресми сапармен Иранға барады. Бұл туралы Иран коммуникациялық және ақпараттық технологиялар министрі Махмуд Ваези Тегеранда Әзербайжанның экономика және индустрия министрі Шахин Мустафаевпен кездескеннен со мәлімдеді.

Иранның IRNA агеенттігінің хабарлауынша, Ильхам Әлиев Иран билігі өкілдерімен кездесуде екі жақты қарым-қатынасты нығайтуға арналған ынтымақтастық туралы он шақты келісімге қол қоюы мүмкін.

Әлиев Иранға соңғы рет, 2014 жылы жасаған сапарында осы елдің рухани көсемі аятолла Әли Хаменеимен кездескен.

Иранның 80 миллион тұрғынының әртүрлі деректер бойынша 16-25 пайызын этникалық әзербайжандар құрайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG