Accessibility links

Әсет Матаевты тергеуден соң босатты


Әсет Матаевтың пікірі
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:04 0:00

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев. Алматы, 22 ақпан 2016 жыл.

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев Азаттыққа антикоррупциялық бюрода өзінен жауап алған соң босағанын, бірақ бюрода әкесі, Қазақстан журналистер одағының басқарма төрағасы әрі Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейітқазы Матаев қалғанын айтты.

Бүгін әкелі-балалы Матаевтар антикоррупциялық бюроның Алматы қалалық департаментіне әкелінген. Ведомствода Матаевтарға мемлекеттік саясатты насихаттауға бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағылғанын айтты. Сейітқазы Матаев бұған қоса заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылған.

Әсет Матаев Азаттыққа тергеушілермен әңгімеде адвокат болмағанын айтты. Әсет және Сейітқазы Матаевтар ҚазТАГ пен Ұлттық баспасөз клубы мемлекет қаржысының жымқырылуына қатысы жоғын айтады. Әсет Матаевтың пікірінше, қуғындауға Ұлттық баспасөз клубының "Алматы мен Астананың орталығындағы ғимараттарын және ҚазТАГ-ты алып қойғысы келетін биліктегі бірнеше адамның қатысы бар".

Әсет Матаев пен Сейітқазы Матаев бүгін таңертең Ұлттық баспасөз клубында өткен "Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ агенттігіне қатысты жағдай туралы" баспасөз конференциясы басталғанға жарты сағат қалғанда антикоррупциялық бюроға жеткізілген. Бүгін Матаевтардың атынан таратылған мәлімдемеде олардың өздеріне қатысты оқиғаларды биліктің үкіметтік емес ұйымдар мен ақпарат құралдарына қысым жасау әрекеті деп бағалайтыны айтылған.

XS
SM
MD
LG