Accessibility links

Ақордада қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті


Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).
Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).

Ақордада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтіп, экономикалық дағдарыс ықпалы, халықаралық экстремизм мен терроризм қаупі, көші-қон саясаты мәселелері талқыланды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында Назарбаев Қазақстанға төнетін қауіп-қатерлер қатарында экономикалық өсімнің баяулауы, көршілес елдердегі діни экстремистік және террорлық сипаттағы қауіптерді атады. Назарбаев Қазақстан экономикалық дағдарысқа қарамастан әлеуметтік міндеттемелерін мүлтіксіз орындап, қорғаныс қабылетін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде сақтап қалатынын айтты.

Жиын барысында экономикалық өсімге дем беру үшін еңбек ресурстарын, соның ішінде сырт елдерден оралған қандастар мен жоғары білікті шетелдік мамандарды республикада жүйелі түрде орналастыру қажеті айтылған. Бұған қоса Қазақстанға халықаралық террорлық топтардың идеологтары мен үгіт-насихат жасаушыларын, қылмыстық топтар өкілдерін және заңсыз мигранттардың келуіне жол беруге болмайтынына ескертілген.

Қауіпсіздік кеңесінің жиынында жерді өз бетімен басып алу, заңсыз бей-берекет құрылыстардың жолы кесілуі тиіс екені де айтылған.

Жиын соңында Назарбаев үкімет пен мемлекеттік органдарға тапсырмалар беріп, оның орындалуын бақылауды Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жүктеді.

XS
SM
MD
LG