Accessibility links

Ресей Сирияда бітімді бақылау орталығын ашты


Сирияның Түркиямен шекарасына жақын Азаз қаласындағы соғыстан қираған ғимарат. Ақпан 2016 жыл.
Сирияның Түркиямен шекарасына жақын Азаз қаласындағы соғыстан қираған ғимарат. Ақпан 2016 жыл.

Ресей Сирияда қақтығысты тоқтату режимінің сақталуына ықпал ететін координациялық орталық құрғанын жариялады. Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенковтың айтуынша, бітімнің орындалуын бақылап, гуманитарлық көмекті бөлуді үйлестіретін орталық ресейлік әскери ұшақтар тұрған Хмеймим базасында орналасқан.

Конашенковтың сөзінше, орталық АҚШ пен Ресей арасындағы Сирияда 27 ақпаннан бастап қақтығысты тоқтату туралы келісім аясында құрылған. Келісімде бұған қоса жедел байланыс желісін құру қарастырылып, жұмысшы топтарын бітімнің бұзылуын қадағалауға шақырады.

XS
SM
MD
LG